Оңалту бөлмесі

Шиелі аудандық орталық аурухана ішінен оңалту  бөлмесінің  ашылуына байланысты аурухана ішілік  және амбулаторлы келген науқастарды қабылдап, жалпы қалпына келтіру және оңалту ем-шаралары жүргізіледі.  Бөлім меңгерушісі реабилитолог-дәрігер Даниярова Ақтілек Асанбайқызы. Келген науқастарға дәрігердің қарауымен  ем тағайындалады. Оңалту бөлмесінде мамандары тәжірибелі, арнайы даярлықтан өткен аяжандар жұмыс жасайды.

r5

  1. Физиотерапия бөлмесі:  гальваникалық ток, вакуумды электро  массаж импульсті токтардың түрлері, лазер, тамыр ішілік қанды лазерлеу аппараты, УКС, Соққылы-толқынды аппарат, УВЧ, жылумен емдеу, парафинді апликация және тағы басқа аппараттармен қамтылған. 

r1

Емдік дене шынықтыру бөлмесі  2017 жылдың желтоқсан айынан бастап іске қосылды.Емдік дене шынықтыру бөлмесі стандартқа сәйкес барлық құрал жабдықтармен,аппаратармен қамтылған. Емдік дене шынықтыру бөлмесі:  тірек қимыл аппаратының жарақатарынан кейінгі жағдайлар, ми қан айналымы бұзылысынан кейінгі жағдайлар, Жүректің ишемиялық ауруларының бастапқы, орта ауырлық дәрежелері, тірек қимыл аппаратына отадан кейін қимыл-қозғалысы шектелген жағдайларға емдік дене шынықтыру әдіскері көмегімен арнайы емдік дене шынықтыру және емдік гимнастика кешендік жаттығуларын жүргізеді. 

r3

r2

Логопедиялық бөлме. Логопед  маманымыз тіл жағынан акауы бар балаларға,сырқаттан кейінгі  дизартрияларға арнайы тілге арналған зондтық массаждар және артикуляционды жаттығулар арқылы қалпына келтіруге бағыталған емдік шаралар жүргізеді.

r4

Психолог  маманы.  Психолог маманы науқастарға арнайы психологиялық тренинг жүргізеді.

r6