Хирургия бөлімшесі

Шиелі аудандық ауруханасы хирургия  бөлімшесі.
1.  Кадрлық  құрамы: 
 Бөлімшеде 5 дәрігер бар
 Бөлім меңгерушісі – 1 санатты
Дәрігер хирург-3
Дәрігер травматолог-1
1-санатты 2 дәрігер
2-санатты 1 дәрігер
Маман сертификат 2 дәрігер

Орта буын  қызметкерлері – 19 оның ішінде
Жоғарғы санат – 6
Бірінші санат – 7
Маман сертификат  -4 
Кіші буын қызметкерлері – 14
2. Хирургия бөлімшесі – 40 төсек орынға арналған. Бөлімшеде мамандандырылған көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған,білікті дәрігер және мед бикелер сапалы медициналық көмек көрсетеді. Бөлімшеде қажетті аппаратуралар мен құрал-саймандар ДСМ бұйрығымен бекітілген стандарттарға сәйкес жабдықталған. 
Бөлімше 10 палатадан, егу бөлмесі, дәрігер бөлмесі, аға аяжан бөлмесі, ота жасау бөлмесі (2 ота жасау блогы үлкен және кіші), 1 таза жара таңу, 1 іріңді жара таңу бөлмесі, асхана, шаруа иесі, жуынатын бөлмеден тұрады. 8 төсек отадан кейінгі науқастарға арнайы функциональді кереуетпен қамтылған. Қалған төсек жалпы хирургиялық науқастарға және жарақат алған науқастарға арналған төсек орны. Палатадағы ауруға жеке кереует және оған керек жарақ жиынтығы толық беріледі.Ауруларды жатқызғанда палаталарды толтыру оралымы сақталады. Ота жасайтын блок керекті дәрі-дәрмектермен және арнаулы медициналық құрал жабдықтармен жабдықталған. Толық дезраствормен қамтылған.  

3. Бөлімше келесі медициналық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етілген.
1) Ота жасау столы- 2. Универсальный операционный-2, Апарат электрич хирургический высокочастотный, 
2) Отсос хирургический –ОХ-10
3) Хирургиялық  аспиратор болмаса сорғыш, тыныс жолдарында пайда болған сілекейлерді немесе тыныс жолдарына түсіп кеткен сұйықтықтарды және ота жасаған аумақта болған дене қуыстарындағы сұйық заттармен тін қалдықтарын сорып алуға арналған құрал.
4) Светильник 4-7х рефлекторный, Светильник ПР-5, Операционный лампа; 
5Большой хирургический, травмтологический набор.
Бөлімшеде жедел және жоспарлы түрде ота жасалады.
Жедел отаның барлық түрі жасалады.
Жоспарлы отаға кіретіндер:

Холецистэктомия

Құрсақ қуысына қатысты жарықтардың барлық түрі.

Геморройдэктомия.

Варикоцеле

Бөлімшенің алға қойылатын мақсаттары:

-стационарда ауруларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту ;

-емдеу барысында жаңа , жетілдірілген техналогияны пайдалану.

Бөлімнің ұраны: «Білікті ота -сапалы ем».