Оқушылардың денсаулығын нығайту

Оқушылардың денсаулығын нығайту

Оқушылардың күн тәртібі:

  • Таза ауада серуендеу;
  • Сабақтарды дене шынықтыру минуттарымен кезектестіру;
  • Кемінде 1.5-2.0 сағат ойнау және демалу;
  • Жеке тазықты сақтау;
  • Егер (7-10 жаста болсаң) 11 сағатқа және (15-17 жаста болсаң) 8 сағатқа дейін ұйықтау маңызды.

Сколиоздың алдын-алу:

  • Бір қалыпта тұрмау;
  • Ауыр затты бір жақ қолға ғана көтермеу;
  • Отырғанда немесе тұрған кезде денені дұрыс ұстау;
  • Жұмсақ төсекте ұйықтамау маңызды.

Миопияның алдын-алу:

  • Мүсіннің түзулігін қадағалау;
  • Компьютер мониторы, кітап пен дәптердің көзбен ара қашықтығын сақтау;
  • Ағзаны нығайтып, дене белсенділігімен айналысу;
  • Көлікте және жатып оқымау;
  • Дұрыс тамақтануды сақтау маңызды.

Жарақаттанудың алдын-алу:

  • Жол қозғалысы ережесін сақтау;
  • Отпен, электр құралымен, ашық суда шомылғанда мұқият болу маңызды.

Дұрыс тамақтану:

  • Тәттілерден;
  • Фастфуд, тұзды қытырлақ нан, қуырылған картоптан;
  • Газдалған және қуаттандыратын сусындардан бас тартқан дұрыс.

Дене белсенділігі:

  • Қозғалыс ойындарымен ойнау (алтыбақан тебу, доппен ойнау, секіртпеден секіру және т.б.);
  • Футбол, баскетбол ойнау, суда жүзу, коньки, шаңғы тебу, мәнерлеп сырғанау маңызды.

Профилактикалық тексеріп-қарау:

  • Мектепте жыл сайын (педиатр, хирург, ЛОР, окулист, стоматолог және т.б мамандардан).

Иммунопрофилактика:

  • Жұқпалы ауруларға қарсы екпені уақытында алу маңызды.