Мүшелері

Байқау кеңесінің төрайымы

Жумашева Гульнара Хамзовна

Облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері, жоғары санатты акушер-гинеколог

 gulnara

 

Жұмыс тәжірибесі:

 1988-1989 жж. - қалалық перзентханада дәрігер-интерн;

1989-1996 жж. - №3 қалалық емхананың учаскелік акушер-гинекологы,

1996 - 1998 жж. - клиника бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары,

1998 - 1999 жж. - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының реформалау, маркетинг және ақпараттандыру бөлімінің жетекші маманы,

1999 - 2001 жж. - халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру және кадрлық ресурстар бөлімінің бас маманы,

 2001 - 2003 жж. - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы,

12.29.2003 - 04.01.2016 ж - Қалалық перзентхананың бас дәрігері.

04.01.2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері

 

Байқау кеңесінің мүшелері

Искаков Олжас Ермекович

 

olzhas

Искаков Олжас Ермекович 2007 жылы С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне «емдеу ісі» дәрігер терапевт мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы бітіріп шыққан.

05.08.2013 – 24.02.2014 жж – №3 қалалық емхана-аймақтық терапевт дәрігері

24.02.2014-03.10.2016жж – Бөлім меңгерушісі

03.10.2016-19.02.2018жж – №3 қалалық  емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

19.02.2018-16.07.2018жж – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлім басшысының уақытша міндетін атқарушы

16.07.2018-03.09.2018жж  – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы

03.09.2018 – осы уақытқа дейін – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

 

Әмір Нұрлан Әмірұлы

 Nurlan

        Әмір Нұрлан Әмірұлы 1968 жылы казан айының 25 жұлдызында Шиелі ауданы, Жидеі-арық ауылында дуниеге келген. 1975 жылы № 206 мектеп табалдырығын аттады. 1985 жылы Еңбекші ауылындагы № 159 орта мектепті бітірген. 1985-1986 жыл аралығында Н.Бегежанов ауылында колхозшы болып жұмыс аткарған. 1986 жылы Актөбе мемлекеттік медицина институтына « Емдеу ici» мамандыгы бойынша 1 курс студенті болып оқуга тусіп, 1987- 1989 ж.ж. аралыгында кеңес әскepi катарында борышын өтеді. 1994 жылы Актөбе каласындағы Актөбе мемлекеттік медицина институтын « дәрігер» мамандыгы бойынша оқу орнын бітіріп шыккан. Сол жылдан бастап Шиелі аудандык ауруханасында реанимация бөлімінде «анестезиолог-реаниматолог» дәрігері болып жұмыс аткарды. 1997 жылы кан құю бөлім менгерушісі қызметін қоса атқарды. 

2002-2003 ж.ж. « УДЗ» дәрігеpі болып жұмыс жасады. 2003-2009 ж.ж. аралыгында аудандык аурухана бас дәрігерінің емдеу ici жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған. 2009 жылы Шиелі аудандык туберкулезге карсы күрес диспансерінің бас дәрігері кызметіне тағайындалды. 2010 жылы 7 cәуір айынан бастап «Шиелі аудандык емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналык кәсіпорнының бас дәрігері міндетіне тагайындалган

27 қыркүйек 2013 жылдың - 1 желтоқсан 2017 жылдары  «Шиелі аудандык туберкулезге карсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бас дәрігер болып қызмет атқарды. 

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты психиатрия бөлімінің меңгерушісі қызмет атқарды.

2019 жылдың 10 - шілдесінен бастап қазіргі таңға дейін "Шиелі ауданаралық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері қызметін атқаруда.

«Нұр Отан » партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы. 

1996 жылы «Үздік дәрігер» номинациясына ие болган, бірнеше рет Облыстык денсаулык сактау баскармасының және аудан әкімдігі тарапынан «Алғыс хаттар» мен «Марапат» кағаздарына ие болган. 

Алғыс хат 2011 жылгы 3 сәуірдегі ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру мен етгізуде жоғары белсенділік танытқаны үшін, 2011 жылы « Қызыл орда облысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін « Қызылорда облысына-70 жыл» медалімен марапатталды. 2012 жыл куәлік №419 «Қазахстан Республикасы денсаулык сактау iciнің үздігі» белгісімен марапатталды. Алғыс хат «Медицина кызметкері күніне» 2012 жыл. 2013 жыл Күәлік №0316 КР Ұлттык бизнес ретинг орталыгының ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстан Даңкы» орденімен марапатталды. 

Отбасылы. 

 

 

 

Шорабаев  Яхия  Кәдірбекұлы

 

yahia

 

Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен 2018 жылдың 1 қазанынан бастап «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына тағайындалды.

Шорабаев Яхия Кәдірбекұлы 1958 жылдың 3 қыркүйегі күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

1994-1996 жылдары Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер ординатор

1996-1999 жылдары Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының реанимация және интенсивті емдеу бөлімшесінің бөлім меңгерушісі

1999-2005 жылдар аралығында облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

2005-2012 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің мемлекеттік сатып алу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

2012-2016 жылдары Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасының бас дәрігері лауазымында қалтқысыз қызмет етті.

2016 жылдың қаңтарынан бастап «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері қызметін атқарды.

2018 жылдың шілде айынан бастап осы уақытқа дейін «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы лауазымында жұмыс жасап келді.

01.10.2019 жылдан бастап - «Жаңақорған ауданаралық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері қызметін атқаруда

 

 

Жубаниязов Мэлс Елеусинович

Мэлс

 

1978 жылы 1 қаңтарда Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде дүниеге келген. 1984 жылы №51 М.Қаратаев атындағы қазақ орта мектебіне барып, 1994 жылы осы мектепті бітірді. 1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына түсіп 1999 жылы Қызылорда мемлекеттік униферситетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша толық курсты бітіріп экономист – бухгалтер деген біліктілігін алды.

-2000 жылдан бастап Жаңақорған аудандық денсаулық сақтау бөлімінде есепші

-2005 жылдан аудандық ауруханада есепші

-2006 жылдан Жаңақорған аудандық тері жіңішке аурулар диспансерінде бас есепші

-2009 жылдан аудандық ауруханада есепші

-2013 жылдан бастап Аудандық орталық емханада бас экономист қызметін атқарды

-2015 жылдан бастап Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында бас есепшінің орынбасарлық қызметін атқарды

-2016 жылдың сәуір айынан бері Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында бас дәрігердің экономика сұрақтары жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

Отбасылы. 

 

Маханбет Патима Шаймерденқызы

patima

 

Маханбет Патима Шаймерденқызы, 1960 жылы  Қызылорда облысы  Шиелі ауданында  дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1978-1982 жылдары  Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы  педагогикалық  институттың музыка факультетін бітірген.

1982-1985 жылдары  Жаңақорған ауданы  Сунақата совхозында мектепте мұғалім.

1985-1999 жылдары «Өркен»  балалар бақшасында  қызмет атқарған.

2009 жылдың шілде айынан бастап Шиелі аудандық «Нұр Отан» ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді.

Аудандық мәслихат депутаты

 

Әшірбеков Бағлан Әміреұлы

 

Бағлан

 

Әшірбеков Бағлан Әміреұлы, 1956 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

1984 жылы Алматы ауылшаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

Еңбек жолын 1976-1985 жылдары Коммунизм колхозында күріш звеноводы болып бастаған.

1985-1987 жылдары Коммунизм колхозында партия нұсқаушысы.

1987-1996 жылдары «Коммунизм» колхозында агроном.

1997 жылдан бері «Әшірбеков» шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарып келеді. Аудандық мәслихат депутаты.

Отбасылы.